20.03.2023, 12:29
Оқылды: 78

БҚО: су тасқынына қатысты жағдай тұрақталды ма?

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақты. Су басу қаупі жоқ. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20230320_121841_399

Батыс Қазақстан облысы ТЖД ақпаратына сүйенсек, жедел штабтың шешіміне сәйкес соңғы 3 күнде қоңыраулардың түспеуіне байланысты "жедел желі" телефонының жұмысы тоқтатылған.

Бұл ретте жедел штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Тәулік бойы кезекші қызметтердің телефондары тұрақты жұмыс істейді.

Су

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап БҚО-дағы «жедел желі» телефонына тұрғындардан 200-ден астам қоңырау түскен. Жедел штаб Орал және Елек өзендері деңгейінің жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр.

Аудан әкімдіктерінде су басқан тұрғын үйлерді санау, жергілікті атқарушы органдар тиісті көмек көрсету үшін материалдық залалды белгілеуге жұмыс жүргізетін комиссиялар құрылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале