4.11.2026, 13:00
Оқылды: 0

Жаңақала ауданының әкімі ардагер қызметкерді еңбек демалысына шығуымен құттықтады

Бүгін Жаңақала ауылдық округі әкімінің аппаратында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған Мұхтар Талапқалиұлын аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы арнайы қабылдады.

85f0f412-ffaf-47ab-b896-295ad8c7bd52

Кездесу барысында аудан басшысы 63 жасқа толған мерейтой иесін еңбек демалысына шығуымен құттықтап, ел игілігі жолында атқарған көп жылғы еңбегіне алғысын білдірді. Ақжарма тілегін арнаған Алпамыс Көшкінбаев мерейтой иесінің иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті. Қуанышты сәтте әріптестері де Мұхтар ағамызға ақ тілектерін арнап, қошеметтерін білдірді.

Ауыл әкімі Абат Тимурұлы мен аудан әкімі аппаратының басшысы Ақан Болатұлы да пайғамбар жасына толған азаматты мерейтойымен құттықтап, саналы ғұмырын туған жерінің өркендеуіне, ауылдың тыныс-тіршілігіне арнаған еңбегін ерекше атап өтті. Өз кезегінде Мұхтар Талапқалиұлы көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласқа ризашылығын білдіріп, барша әріптесіне алғысын жеткізді.

5e236663-0571-4915-9f25-b194dd9d33bd

Сондай-ақ әлі де тың күш-қуаты барда, ел игілігі жолында еңбек етіп, алдағы бір-екі жылда бағбандық қызметін жалғастыруға ниетті екенін айтты.Еңбек жолы елдің есінде қалған азаматқа көрсетілген бұл құрмет – жылдар бойғы адал қызметтің бағасы, кейінгі буынға үлгі болар өнегелі сәт.

Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, мерейтой иесіне ақжарма тілектерін тағы бір мәрте жеткізді.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале