3.11.2026, 12:00
Оқылды: 11

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында Президент Жолдауы талқыланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

WhatsApp Image 2026-11-03 at 10.12.53 (1)

Кездесуге арнайы шақырылған спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шукеева қатысты.

Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтары, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы міндеттер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығы мен жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі әрбір азаматтың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-11-03 at 10.12.53

Өңірлік қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Бақыт Алазов өз сөзінде: «Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін қойылған міндеттерді терең түсініп, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін сезіну аса маңызды. Осындай кездесулер жеке құрамның азаматтық белсенділігін арттырып, патриоттық рухын нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті.

WhatsApp Image 2026-11-03 at 10.12.52

Кездесу соңында әскери қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, талқыланған тақырыптар бойынша пікір алмасты.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале