15.05.2020, 15:52
Оқылды: 36

 БҚО төтенше жағдайлар департаменті ғимараты аумағында ҰОС қатысушы Шүкір Мұхтаровқа ескерткіш ашылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ғимараты аумағында ҰОС қатысушы Шүкір Мұхтаровқа арналған ескерткіш ашылды.
6B537B35-83C8-4E45-902B-E71191BFD688
Шүкір Омарұлы 1922 жылы 27 қыркүйекте Тайпақ ауданы Базартөбе ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы №12 орта мектептің 10-сыныбын бітіріп, 1941 жылдың желтоқсан айында Кеңес әскері қатарына шақырылады. Қызметін Орта Азия әскери округі мен Батыс майданының 100-атқыштар бригадасының 100-жеке байланыс батальонының байланыс бөлімшесінің командирі лауазымынан бастаған. Атқыштар бригадасы «Марс», Великолук және Невель операцияларына қатысқан Калинин майданының 3-ші соққы армиясының құрамына кірді. Ш.Мұхтаров атқыштар бригадасының құрамында 28-танк бригадасының КВ танкісінің механик-жүргізушісі болды. Орал әскери округінің Челябинск танк-техникалық училищесінде оқып жүріп, Карел майданының 338-гвардиялық ауыр артиллериялық полкінде ИСУ-152 аға механик-жүргізуші қызметін жалғастырды. 338-ші гвардиялық ауыр өздігінен жүретін-артиллериялық полкінің құрамында Кенигсбергті алуға қатысты. Полк Шығыс Пруссия операциясына қатысып, Кенигсберг пен Пиллауға шабуыл жасайды. Шүкір Омарұлы Ұлы Жеңісті 2-ші гвардиялық армия 3-ші Беларусь майданының полкінде лейтенант шенінде қарсы алған.

9E356E8D-A7F0-40BD-A647-C469B5EA18EC

Соғыс аяқталған соң да Ш.Мұхтаров Кеңес әскері қатарында қызметін жалғастырды. Ол жауынгерлік жетістіктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және басқа да наградалармен марапатталған. 1986 жылы дүниеден өтті.

52DB2DD0-AB18-4A28-9C1D-F555ABD6ED15

Облыстағы азаматтық қорғау жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагердің есімі ұлықталған шараға Шүкір Омарұлының ұлы, медицина қызметінің доғарыстағы майоры Евгений Мұхтаров пен туыстары, ізбасар-әріптестері қатысты.
7DA51B27-EE87-4D49-9FF9-185321EB7E2F

-  Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойладық. Елдегі карантин режіміне қарамастан, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің әрқайсына құрмет көрсетіп, ықыласымызды жеткізудеміз. Бүгінгі шара да өңіріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтың, майдангердің құрметіне арналып отыр. Бұл ескерткіш өзінің абыройлы қызметімен, Отанға деген адалдығымен халқына үлгі болған Шүкір Омарұлы Мұхтаровты өскелең ұрпаққа таныту мақсатында ашылды. 1961 жылы КСРО Министрлер кеңесінің жарлығымен азаматтық қорғаныс жүйесі ұйымдастырылды. Облыста оның бірінші басшысы болып 1962 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушы полковник Шүкір Омарұлы тағайындалды. Он үш жыл бойы осы штабты басқарып, 1975 жылы зейнеткерлікке шыққанға  дейін қызметін адал атқарды. Осы  кісі бастап, қалыптастырған тәртіп пен игі істі жалғастыру біздің борышымыз деп ойлаймын. Біз үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен қазақ халқының ұрпағымыз. Сондықтан әр уақытта барымызды бағалап, келешектен салауат тілейік. Осындай жағымды жаңалық, мерейтойлар көп болсын, - деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев облыс әкімі атынан Мұхтаровтар әулеті мен төтеншеліктерді ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

00BD3FD2-4B1A-4DBD-B98A-EA34999677A8

Шара барысында БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев, Шүкір Омарұлының қарындасы Әлия Есенғалиева, БҚО азаматтық қорғау құрылымдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Ермекқали Машановтар сөз сөйлеп, майдангердің жүріп өткен жолынан сыр шертіп,  еселі еңбегін атап өтті. Ескерткішке гүлшоқтары қойылды.

73BDEE92-C931-44AA-95AC-44F102E1D6B2

15B80459-C700-4915-BF57-1CE3AF833F8A

CC8D2E75-BA8D-4759-B353-DBAEED3F915C

Айна Имашева

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале