Бүгін БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Закарин Рүстем Сәрсенбайұлы тағайындалды.
Закарин Рүстем Сәрсенбайұлы 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша, Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын қаржы бакалавры бойынша бітірген.
Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының отын-энергетика кешені және инфрақұрылым бөлімінің жетекші маманы, бас маманы; Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің бас маманы, сектор меңгерушісі, бастығының орынбасары, бастығы; Орал қаласының құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылдың маусым айынан күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары болып істеді.
Еске сала кетейік, басқарманың бұған дейінгі басшысы Ғ.Ғ.Орынғалиев зейнет демалысына шығуына байланысты қызметінен босатылған болатын.
zhaikpress.kz