Мемлекет басшысы ел тұрғындарын сапалы көгілдір отынмен қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырған болатын.
Фото: pixabay.com
Демек өңір тұрғындары көгілдір отыннан тапшылық көрмеуі тиіс.
Алайда халықты тұрақты негізде газбен қамтамасыз етуде тұрғындардың қызмет түрі үшін уақтылы төлем жасап, берешекке жол бермеуі маңызды.
Мәселен, Орал қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Жайықжылуқуат» АҚ көгілдір отын үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға 1,5 миллиард теңге қарыз болған.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «QazaqGaz» басшылығымен келіссөз жүргізіп, аталған мәселеге нүкте қойды.
«Жайықжылуқуат» АҚ Орал қаласы тұрғындарын, әлеуметтік объектілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.
Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында жергілікті атқарушы органның резервінен 1,5 миллиард теңге қаражат бөлініп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы берешек толығымен өтелді.
Ал «Жайықжылуқуат» АҚ тұрғындардан газ қызметі үшін коммуналдық төлемдерді уақтылы өтеуді сұрайды.
Өйткені тұрғындардың жауапкершілігі газдың сапалы және тұрақты жеткізілуіне оң әсерін тигізеді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі