2.03.2022, 15:10
Оқылды: 28

БҚО тұрғыны 6 млн теңгенің автокөлігін жалға алып, қайтармай қойған

БҚО тұрғыны 6 млн теңгенің автокөлігін жалға алып, бермей кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220302144248858a3906353i

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Бөрлі ауданында болды.

Бөрлі ауылының жұмыс жасамайтын 1990 жылғы тұрғыны өткен жылдың қазан айында 34 жастағы ер адамнан «Тойота Альфард» автокөлігін жалға алған.

Алайда уақыт өте келе көлікті қайтармаған. Сондықтан көлік иесі полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған күдікті кінәсін мойындағанымен, көлік әзірге иесіне қайтарылмаған. Келтірілген залал көлемі – 6 млн теңге.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыздың ұсталғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале