2.06.2026, 12:15
Оқылды: 37

БҚО тұрғыны қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

Бәйтерек аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігінде (бұдан әрі ҚР ӘҚБтК мәтіні бойынша) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Т. есімді азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы), - деп жазады БҚО соттарының ресми сайты

Focus on judge utility on wooden table used to maintain order and pronounce a verdict in courtroom in front of many people. Rule of law and strict court concept

Сурет: istockphoto.com

Іс материалдарынан 26.05.2026 жылы азамат Т. үйінде Ішкі істер органдарында тіркелмеген 1866ж нөмірімен ИЖ-3К қаруды заңсыз сақтағаны анықталды.

Бәйтерек аудандық сотының қаулысымен азамат Т., ҚР ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекет кірісіне қару тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, бұл 86 500 (сексен алты мың бес жүз) теңгені құрайды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале