Кеше кешкі 23.30-да Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында желдің екпіні салдарынан төрт ғимарат және жеке тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен. Өзге да зардап шеккен объектілер анықталып жатыр. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы ұсынған деректер бойынша желдің жылдамдығы 21 м/с дейін жеткен. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңақала ауылында 1 847 абонент жарықсыз, 270 абонент газсыз қалған. «ЗапКазРЭК» ЖШС-ның он қызметкері жарық сымдарын қалпына келтіріп жатыр.
Халықтар достығы көшесі, 90 мекен жайында орналасқан «Жаңақала аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-не тиесілі 78 шаршы метр алаңда гараждың шатыры ұшқан.
Дауылбаев көшесі, 14 мекен жайындағы, үш қабатты «Ауданаралық сауықтыру орталығы» ШЖҚ МКК-ның шатыры ұшып кеткен.
Бірлік көшесі, 33-тегі «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Energy Gonsulting Group» ЖШС-ға тиесілі қонақ үйдің бір қабатты ғимараттың да шатыры ұшып кеткен.
Нұрпейісов көшесі, 24-те орналасқан Жаңақала ауданы аудандық электр станциясына тиесілі бір қабатты ғимараттың шатыры ұшқан.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардан құрылған омиссия жұмыс жасап жатыр.
zhaikpress.kz