4.05.2023, 12:36
Оқылды: 722

БҚО: Жәнібек ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Жәнібек ауданының әкімі лауазымына Тимур Серікұлы Шиниязов тағайындалды.

IMG-20230504-WA0107

Тимур Серікұлы Шиниязов 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «қаржы және несие» және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары:

Жәнібек ауданы әкімі аппаратында бас маман, кейін бөлім меңгерушісі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, Орал қаласының «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты бақылау бөлімінің бас инспекторы болды.

2020 жылғы сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале