Бұл туралы ҚР «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» БҚОФ бөлім басшысы Дәурен Амиров айтты.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 2024 жылы 705 тексеріс жүргізген. Өкінішке орай жол құрылысында олқылық көп дейді мамандар. Осы 705 тескерістен 406 ақау анықталған. Мұның ішінде 200-ге жуық ақаулық әлі күнге жойылмаған. Жол құрылысында жұмысына салғырт қарап, сапаға жүрдім-бардым қараған мердігер компанияларға заң аясында тиісті шаралар қолданылады.
-2024 жылы 2 мың 580 жол-құрылыс материалына зертханамызда сынама жасалды. Сынамалардың 25 %-ы нормативтік құжаттамаларға сәйкес келмей шықты. Құрылыс бақылау басқармасына 15 рет хат жолданып, әкімшілік хаттама толтырылып, мердігер мекемелерге 7,4 млн теңге айыппұл салынды. 2 техникалық қадағалау инженері нысан басынан қуылды. Мердігер ұйымдар Филиалдың хаттамаларына сәйкес жалпы сомасы 196 млн теңгені құрайтын 38 мың 648 шаршы метрден астам негіз және асфальтобетон жамылғы қабаттарын өз қаражатына қайта төседі деп атап өтті ҚР «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» БҚОФ бөлім басшысы Дәурен Амиров.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында жұмыс жасайтын қызметкерлерге жыл сайын талдау жүргізеді екне. Осындай талдаулар нәтижесінде кейбір ауданда арнайы дипломы жоқ адамдардың қызметте жүргені анықталған.
Жанат Көшкінбай,