6.05.2020, 10:12
Оқылды: 31

БҚО-да соңғы тіркелген төрт науқастың үшеуі өзге елдердің азаматтары

Соңғы тәулікте Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған тағы 4 адам анықталды.

Олардың біреуі Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін Түркістан облысының 27 жасар тұрғыны болса, қалған үшеуі – жүк тасымалымен айналысатын Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің 33, 44 және 57 жастағы азаматтары.

Ресеймен шектесетін «Сырым» автоөткелінен өту барысында олардың денсаулықтарына еш шағымы болмаған. Алайда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің биылғы 30 сәуірдегі №35 қаулысына сәйкес, жүк тасымалдаушыларға экспресс диагностика жасалған кезде, талдама оң нәтиже көрсеткен. Кейін жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жеткізілген. ПТР-диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланып, төртеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынып, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Күні бүгінге дейін БҚО-да ауру жұқтырғандардың жалпы саны 203-ке жетсе, олардың 41-і сауығуына байланысты үйлеріне жіберілді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале