18.12.2025, 16:15
Оқылды: 9

Бөкей ордасы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2025 жылдың 13-14 желтоқсан күндеріне аудан көлемінде қолайсыз ауа-райы болды. Ауа-райына байланысты 5 тұрғын үйлер мен 4 әлеуметтік нысандардың шатырлары ұшу фактілері тіркелді. Осыған орай аудан әкімі Н.Даумовтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, «Аудан аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» аудан әкімінің шешімі шығарылды.

 

боран

Зардап шеккен 4 әлеуметтік нысанның шығын көлемі анықталды. Саралжын ауылындағы Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп – 18 млн теңге, аудандық білім беру бөлімі ғимараты – 24 млн теңге бағаланды.

Күні бүгін өз күшіміз арқылы Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің балабақшасы мен Бисен ауылындағы Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің жылыту жүйесінің шатырын қалпына келтіру жұмыстарын басталды.

Қазіргі уақытта жеке тұрғындардың өтініштері қабылдануда. Комиссия зардап шеккен нысандардың шығын көлемін анықтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале