1.10.2026, 16:30
Оқылды: 10

Бөкей ордасында алғаш ашылған қазынашылық ғимараты қандай қызметтер атқарды?

Бөкей ордасы ауданына – 225 жыл

1867 жылы ақша сақтап, ақша айналымын реттеу үшін Бөкей ордасындағы Хан сарайының солтүстік-батысында қызыл кірпішті қазынашылық ғимараты бой көтерді. Ғимарат 1952 жылға дейін мемлекеттік банк мекемесі ретінде, кейін механизаторлар асханасы ретінде пайдаланылды. 2018 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 11.56.14

Қазынашылық музейінің құрылуы 1962 жылғы 15 желтоқсанда Азамат соғысының ардагері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Ахметфайыз Тажетдинов 55 жәдігермен ашқан Орда тарихи-революциялық музейінен бастау алады. 1967 жылы мемлекеттік мәртебе алып, 1969 жылы Казначейство ғимаратына көшті. 1997 жылы «Орда тарихи музейі» аталды, 2002 жылы Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің құрамына еніп, «Бөкей ордасы тарихының музейі» аталды. 2019 жылдан БҚО Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының құрамында.

Экспозиция Бөкей ордасының құрылуынан бергі тарихын, тұрғындарының тұрмысын, шаруашылығын, мәдениеті мен дәстүрін таныстырады. Мұрағат құжаттары, тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақ, көне тиындар мен ақша үлгілері тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы баяндайды.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Ақпарат Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінен алынған дерек бойынша дайындалды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале