26.12.2022, 18:49
Оқылды: 68

Бөкейлік депутаттар үміткерді қолдайтындарын айтты

Бүгін ҚР Парламенті Сенатына үміткер ретінде тіркелген облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов Бөкей ордасы ауданында болып, халық қалаулыларымен жүздесті.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 18.14.07

Басқосуға қатысқан кандидаттың сенімді өкілі Айдар Батырханов үміткердің еңбек жолымен таныстырып өтті.

Сайлаушылар алдында сөз алған Арман Кәрімұлы болашақтың еншісіндегі шешілуі тиіс бірқатар мәселелерге тоқталды.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 18.14.08

-Облыс басшылығының келісімімен Парламент Сенатты депутаттығына өз кандидатурамды ұсындым. Осы кезге дейін біршама сайлау науқанын өткізуге атсалыстық. Өзім мұндай додаға кандидат ретінде алғашқы рет түсіп тұрмын. Өңірдің, соның ішінде әр ауданның мәселелерімен жақсы таныспын. Сіздің ауданда да шешімін табар түйткілдер бар. Кезінде полигонға берілген жерді қайтару, жол мен ақбөкендердің мәселесі, трансшекаралық өзен-көлдерге су түсіру, Нарын құмындағы малды көктем-жаз айларында жазғы жайлауға шығару секілді мәселелер маған жақсы таныс. Осындай түйткілдердің болашақта оң шешімін табуға барынша атсалыссам деймін. Уақыт тауып, кездесуге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын,-деді Арман Өтеғұлов.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 18.14.09

Кездесуге қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілек Арыстанбеков пен мәслихат депутаттары үміткерді қолдайтындарын айтып, кандидатқа сәттілік тіледі.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале