4.06.2021, 9:36
Оқылды: 252

«Бөкейорда» резерваты құрылады

Елімізде «Бөкейорда» және «Ащыөзек табиғат қорығы» табиғи резерваттары  құрылады. Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар  министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайты хабарлайды. 

тт

Президентке киіктерді қорғау үшін қабылданған шаралар мен олардың санын анықтау мақсатында жүргізілген санақтың қорытындылары жөнінде ақпарат  берілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша М.Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, сарапшылармен, ғалымдармен, жергілікті шаруалармен және әкімдікпен бірлесе отырып, киіктің жайылым өрісін анықтау мәселелерін кешенді түрде алып қарастырған. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы 657 мың гектар аумақты құрайтын «Бөкейорда» және «Ащыөзек табиғат қорығы» табиғи резерваттарын құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Орал өңіріндегі киіктердің Жайық өзенінің сол жағалауына өріс ауыстыруына мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметі бойынша, браконьерлікке қарсы тиімді жүргізілген күрестің және заңнаманың қатаңдатылуының арқасында соңғы екі жыл ішінде киіктер көбейіп, олардың саны 334 мыңнан 842 мыңға жетті. Сондай-ақ Президентке еліміздегі су қоймаларының жағдайы туралы есеп берілді.  Бүгінде Ресей тарапымен Ириклинск су қоймасынан Жайық өзеніне жіберілетін судың көлемін көбейту жөнінде келіссөз  жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Сурет Turkystan.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале