25.01.2023, 12:46
Оқылды: 72

«Болашақ» бағдарламасының түлектері әлемдегі үздік ғалымдардың тізіміне енді

2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы деректеріне сәйкес, Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастыратын «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World's Top 2% Scientists) рейтингіне «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі кірді, деп жазады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі сайтында. 

2e25437a12b37b62c712ee79afbadf9b_1280x720

Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқорды қамтиды. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісінде - соңғы жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілген.

Scopus базасындағы жарияланым белсенділігінің өсу қарқыны бойынша көш бастаған үміткерлер іріктелді.

2021 жылы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған авторлардың және өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың тізіміне  ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ратбай Мырзақұлов кірді.

2316b0a22f0cc356fac6cff8928a5489_1280x720

«Жұмыстардың дәйексөзділігі - әріптестер тарапынан ғылыми қызмет нәтижелеріне жоғары баға беруі. Менің Астрофизика, гравитация, космология және солитон теориясы бойынша ғылыми еңбектеріме көп сілтеме жасалды. Бұл жас ғалымдар үшін үлгі боларлық деп ойлаймын», - деп атап өтті ғалым Ратбай Мырзақұлов.

Сондай-ақ 2021 жылғы үздік ғалымдар рейтингі «Болашақ» бағдарламасының екі түлегін – Нұрлан Оразалин мен Сәрсенбек Монтаевты ерекше атап өтті.

Әлемдегі ең үздік ғалымдардың қатарына ену - әлемдік ғалымдар қауымдастығына интеграциялануға үлкен мүмкіндік. Ғылыми бағытымды одан әрі жетілдіруге де ынталандырады.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты - Сәрсенбек Монтаев құрылыс материалдары өндірісіндегі жаңа технологияларды әзірлеумен айналысады.  Сәрсенбек Жапонияда «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Бағдарламаның түлегі, ғалым Нұрлан Оразалин де еліміздегі ғылымның дамуына өз үлесін қосып келеді.

«Мені әлемдегі ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың 2%-на қосқанын білгенде өте қуандым. Бұл көпжылдық және жүйелі жұмыстың нәтижесі. Ғылыми жарияланымдарымның тақырыптары - корпоративтік басқару, тұрақты даму, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, бухгалтерлік есеп пен қаржының өзекті мәселелері. Қуантатын жайт - әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар менің ғылыми жарияланымдарыма сілтеме жасады», - деп атап өтті КИМЭП университетінің Бухгалтерлік есеп және қаржы ассистент-профессоры, «Болашақ» түлегі Нұрлан Оразалин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале