13.11.2023, 9:45
Оқылды: 38

Болат Назарбаевтың дүниеден озғаны рас па?

 

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлады Ratel.kz.

d046d3b4c43e4d4a6d715fb6aa140eae545dd114
Фото: Kapital.kz

Ол 13 қарашада сағат 9.51-де 70 жасында көз жұмды.

"Сағат 9.28-де (Болат Назарбаевтың) жүрегі тоқтады. 23 минутта реанимация жүргізілді. Алайда ол тиімсіз болып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Ал Orda.kz басылымы:

«Кеше Orda.kz-ке өлім кешкі сағат 5 шамасында болғаны туралы ақпарат бар. Бірақ бұл ақпарат бізге расталған да, жоққа да шығарылған жоқ. Бүгін таңертең орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері растады.

Алайда Болат Назарбаевтың адвокаты Жалғас Асқаров: - Олай болса, онда менің кезекшім бар екенін білер едім, - деп жоққа шығарады.

Elmedia мәліметі бойынша, кеше оның денсаулығының күрт нашарлауы тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев осыдан 10 күн бұрын Президент Іс басқармасының орталық ауруханасына (бұрынғы «Совминовка») жатқызылған болатын. Наурыз айында Болат Әбішұлы 70 жасқа толды» деп жазады.

Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале