22.04.2022, 11:24
Оқылды: 53

"Бөлінген қаражат тиімді жұмсалып, жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталуы керек"

Батыс Қазақстан облысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов келді. Үкімет басшысы алдымен Подстепный - Феодоров - РФ шекарасы бағытындағы жол құрылысымен танысты.

WhatsApp Image 2022-04-22 at 11.17.37

Айта кетейік, Теректі мен Бөрлі ауданын байланыстыратын автожол ұзындығы 144 шақырымды құрайды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған автожол әбден тозған, 15 км бөлігінде мүлдем қатты жамылғы жоқ. Автожолдың бойында 50 елді мекен орналасқан. Стратегиялық тұрғыдан маңызды жол. Себебі осы автожол арқылы жолаушылар Орал мен Ақсай қалаларына қатынайды. Қарашығанақ кен орнына баратын жұмысшылар үшін де маңызы ерекше. Автожол жобасы 77 млрд теңгеге бағаланған. Биыл автожолды жаңғырту жұмысы басталады.

WhatsApp Image 2022-04-22 at 11.17.38 (1)
-Автожолдарды жөндеу бұл өңірдегі ең күрделі мәселелердің бірі екендігі баршамызға мәлім. Бұл жұмыстарды негізінен биыл орындауымыз керек. Бұлардың кейбірі үш жыл бұрын басталған жобалар. Бірақ қаржыландыру мәселесіне байланысты аяқталмай жатыр. Биыл бұл жұмыстарға 15 млрд. теңге қаржы қаралған. Техникалық мүмкіндіктер бар болса жұмысты ширату керек. Қажет болған жағдайда қосымша қаражат табатын боламыз. Ал «Подстепный-Федоровка-РФ шекарасы» автожолына бюджетті нақтылаған кезде қаражат бөлдік. Қазір "ҚазАвтоЖол" мекемесі жол жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Қазір "КПО б.в" компаниясы өкілдерімен де кездесеміз. Қосымша қаражат қажет болған жағдайда оны да бөлу жолдарын қарастыратын боламыз. Бұл екі аралықтағы жолды 2025 жылға дейін толықтай аяқтауымыз керек. Бұл жұмыстардың тиісті дәрежеде бақылауға алынуы облыс әкіміне жүктеледі. Жол салу жұмыстарына қажетті қаражат мәселелерінде құзыретті органдармен шешіп отыру керек. Бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, жұмыстың уақтылы аяқталуын қатаң назарда ұстаңыздар, - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Нұртай Текебаев,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале