26.08.2024, 13:01
Оқылды: 47

Бөрлі ауданының әкімдігі кәсіпкерлікті қолдай ма әлде кәсіпкерді қорлай ма?

Төрт жылдан бері Бөрлі аудандық әкімдігімен соттасып жүрген шаруа қожалығының жетекшісі, кәсіпкер Дәукен Қуатовтың бизнесіне қатысты оқиғадан кейін осы сұрақ туындап отыр.

9F51D488-09B1-4B18-8B7A-DDAFBB9DC3C5

Суреттер: zhaikpress.kz

Бөрлі ауданында тұратын «Куат» шаруа қожалығының жетекшісі Дәукен Қуатов 2016 жылы Бөрлі аудандық әкімдігінен 900 га жерді ұзақ мерзімге жалға алған.

Кәсіпкердің сөзінше, ол 900 га жердің жартысына мал жаяды, ал қалған бөлігіне малға қажетті жем-шөп егеді.

Бірақ 2021 жылы Бөрлі аудандық әкімдігі кәсіпкерге жерді кері мемлекетке тапсыруды сұраған. Әрине бұған келіспеген кәсіпкер заңгер жалдап төрт жылдан бері әкімдікпен соттасып келе жатқанын айтты.

Әкімдік басында кәсіпкерге жер заңсыз берілді деген желеумен жерді тапсыруды сұраған. Бірақ кәсіпкер Қуатов екі сот отырысында да жеңіп шығып, құқығын қорғаған.

Алайда енді Бөрлі аудандық әкімдігі 900 га жер мемлекеттің қажетіне керек дегенді айтып шаруа қожалығынан басшысына жерді тапсыруды талап етіп отырған көрінеді.

C872EBFB-B66A-4A51-9159-011DFDC313BE

Қожалық жетекшісі ауылда бос жер бар екенін, мал жаятын орын жеткілікті екендігін айтып жерді кері тапсырмаймын, жалға алу мерзімі біткесін ғана қайтарамын деп отыр.

Ал жерді жалға алу мерзімінің аяқталуына бар-жоғы екі жыл қалған.

Кәсіпкердің құқығын қорғап жүрген заңгер егер бұл жер мемлекет қажетіне шынымен керек болса, алдымен қоғамдық тыңдау өтуі керек, олар осы жердің шынымен де қажет екендігін дәлелдеуі тиіс деп отыр.

Бөрлі аудандық әкімдігі кәсіпкер меншігіндегі жер халыққа қажет деп ауыл тұрғындарының қолын жинаған. Заңгер болса бұл құжатқа қол қойған адамдардың өмірде бар-жоғы да белгісіз дейді.

Осылайша төрт жылдан бері шешілмей келе жатқан жер дауы кәсіпкерді әбден титықтатқан.

Кәсіпкер Қуат Дәукенов:

«Осы сот процесстерінің кесірінен шаруам жүрмей жатыр, жерге бірдеңе егеуге де, салуға да қорқамын. Әрі бірнеше млн несием бар, шаруам тоқтап тұр. Президент кәсіпкерді қолдаңдар деп жатыр. Бірақ дәл осы жағдайда бәрі керсінше болып тұр», - деп аяқтады сөзін.

Аталған оқиға бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің құқығын қорғау мақсатында бірнеше бағытта жұмыстанып жатқандықтарын айтты.

Жанат Қайырғожина

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале