Осыған дейін жазғанымыздай, Батыс Қазақстанда бес жасар қызды ит талап тастады.
«Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді БҚО ПД-ның баспасөз қызметі.
Бүлдіршінді көшедегі қаңғыбас ит талап тастаған. Бұл Бөрлі ауданы бойынша иттердің адамға шабуылдап отырған алғашқы оқиғасы емес. Бұған дейін адамдарға иттердің шауып, тістеп алу дерегі бойынша 129 факт тіркелген.
Кешегі бес жасар бүлдіршінді ит талағаннан кейін бұралқы иттерді аулау жұмысы қайтадан қолға алынған. Қазан айының 11-14 күндері 50 қаңғыбас ит ауланыпты. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының өкілі айтты.
«Осы күнге дейін Бөрлі ауданында 496 бұралқы ит пен мысық ауланды. Көшедегі бұралқы иттердің адамдарға қауіп төндірмеуі үшін оларға арнайы екпе салынады. Ақсай қаласының өзінде 117 итке құтыруға қарсы екпе салынып, стерелизация жасалды. Тұрғындардан келіп түскен өтініштерге сәйкес бұралқы иттердің көзін жойып отырамыз. Бүгінгі күнге Ақсай қаласында 179 бұралқы иттің көзі жойылды», - деп атап өтті облыстық веретринария басқармасының бөлім басшысы Берік Иралиев.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz