15.04.2022, 17:42
Оқылды: 415

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

WhatsApp Image 2022-04-15 at 17.36.06

Жұмыс беруші мен іздеушіні тікелей байланыстырып, жұмыссыздықтың алдын алу, сонымен қатар қандай да бір қызметті қажет ететін тұлғалардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 35-тен астам жұмыс берушілер қатысты.

WhatsApp Image 2022-04-15 at 17.35.56

– «AMANAT» партиясы осы күнге дейін халықтың көкейіндегі сауалдардың жауабын тауып, біршама бастамаларды қолға алған болатын. Атап айтар болсам, 2019-2020 жылдары «Ашық күндер» акциясын жариялады. Ол жерде қарапайым халық мемлекеттік қызметкерлерге сұрақтарын қойып, сол бойынша бірқатар жобалар атқарылды. Бүгінгі бастама – сондай игі істердің жалғасы. Қорытындысы 10 күннен кейін шығарылатын болады. Жұмыс іздеушілерді бос орындарға орналастыру оң нәтиже көрсетсе, бұл жоба ай сайын ұйымдастырылып тұрады, – деді партияның БҚО филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев.

Аталмыш жәрмеңкеде кез келген сала бойынша және вахталық әдістегі жұмыс орындарымен қосқанда барлығы 350-ден астам бос жұмыстар ұсынылды. Сонымен қатар қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорының мамандары өз кәсібін ашу және жұмысқа орналасу бойынша кеңес берсе, «Otbasy bank» өкілдері тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері туралы ақпараттармен таныстырды.

– Жәрмеңкеге вахталық әдістегі жұмыс іздеп келдім. Себебі жалақысы жеткілікті деңгейде. Бұның алдында «Теңіз» мұнай-газ кен орнында жұмыс жасадым, – дейді қала тұғыны Ерлан Қадуов.

Аманжол Исламғали,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале