БҚО бойынша ҚАЖ департаменті N74 мекемесінің кезекші бөлім және арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері мекемеден сот тағайындаған жаза мерзімінің аяқталуы бойынша босатылған шетелдік сотталған азаматтармен Қазақстан Республикасының Заң талаптарымен өзге де Заңнамалық актілерін сақтауға шақырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ мекеме әкімшілігімен жаза мерзімінің аяқталуымен босатылған азаматтарға құқықтарымен міндеттері түсіндіріліп, әлеуметтік өмірге бейімделу бойынша кеңестер берілді. Өз кезегінде өзге ел азаматтары қай елде болмасын сол елдің Заңмен құқықтық талаптарын сақтау керектігін түсінгенін жеткізді.
С.Джумагазиев,
БҚО бойынша ҚАЖД N74 мекемесі
ТИБКК орынбасары әділет капитаны