27.12.2021, 16:00
Оқылды: 107

Бразилияда алапат тасқыннан қалалар суға кетті

Бразилияның солтүстік-шығысында алапат тасқын 2 бөгетті бұзып кетті. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

uq2BSjw0uIE1zrHPbChaBICA6ieCcujh4FagwIfV

Толассыз жауған жауыннан өзендер тасып, аймақта жалпы 67 қала мен бірталай елдімекенге су жайылды.

Көпірлер, жолдар мен үйлер қирап, 400 мың тұрғын зардап шекті. Баспанасыз қалған халық билік тарапынан эвакуациялау және зәру заттармен қамтамасыз ету бойынша тиісті көмек көрсетілмей жатқанын айтады.

Абырой болғанда, құрбан болғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Метерологар өңірде әдеттегіден 6 есе көп жауын-шашын түскенін хабарлады.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале