2.11.2021, 12:46
Оқылды: 97

Брондалған техника, авиация: Қазақстанда Өзбекстанмен бірлескен оқу-жаттығу өтіп жатыр

Гвардейск гарнизонында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6

«Қалқан-2021» оқу-жаттығуына елімізден 250-ге жуық әскери қызметші, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы, он бірлік авиациялық техника, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысып жатыр.

«Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері қосымша тактикалық жасақ құрамында бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы биылғы жылдың 5 қарашасында аяқталады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале