19.01.2024, 14:45
Оқылды: 83

 Бүгін Әскери тәрбиешілер күні

Қоғамда адам баласының тәрбиесін балабақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім қалыптастырады. Бірақ қазіргі қоғамда адамның тәрбиесін қалыптастыратын орталар бұлар ғана емес олар өте көп. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп келеді. Тәрбиені қалыптастырушы адамдар әскери салада да қызмет етеді. Ал осы әскери саладағы тәрбиешілердің де өзіндік мерекесі бар.

e8b0286b-0479-4430-92d3-e17738c093d5

1993 жылы 19 қаңтардағы мемлекет басшылығының жарлығымен еліміздегі әскери структураларда тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс лауазымдары бекітілді.

2e2c468c-b500-44a8-af40-474415219c41

Сол сәттен бастап әскери құрылымдардағы тәрбие және идеологиялық жұмыс айтарлықтай дамып бүгінгі күні өзінің жемісін көрсетіп 19 қаңтар Әскери тәрбиешілердің мерекесі болды. Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімде салтанатты шара өткізіліп, әскери тәрбиешіліерге құрмет көрсетілді.

 

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік

қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале