29.04.2026, 11:15
Оқылды: 7

Бүгін ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» 29 сәуір күнгі ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, тұман болып, оңтүстікте дауыл соғады.

Beautiful Nemophila in bloom

                                                                                                                                       Сурет: istockphoto

 

Түнде Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және батысында, Абай облысының орталығында 2 градус үсік күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында да күн аязды. Аймақтардың шығысында 1 градус үсік болады.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Айта кетейік, Ресейде қолайсыз ауа райы салдарынан 3 адам қаза тапты, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале