8.08.2022, 10:30
Оқылды: 987

Бүгін - дүниежүзілік мысық күні

Бүгін - дүниежүзілік мысық күні. Халықаралық "Animal welfare" жануарларды қорғау қоры мысықтарды қорғау мақсатында бастама көтеріп, 2002 жылы 8 тамызды мысық күні деп бекіткен.

InShot_20220808_085843294

Мысық - көптеген ғасыр бойы адамдармен бірге өмір сүріп келе жатқан жұмбақ жануар. Әрі ең таза - жануар.

Ежелгі Мысырда қасиетті жануар деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген.
Жалпы мысықты адамдар осыдан 5000 жыл бұрын қолға үйрете бастаған.

Үй мысығының арғы тегі Либия мысығы болып есептеледі. Қазіргі кезде әлем бойынша мысықтың 200-ге жуық түрі бар. Басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді арсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тұқыр жүнді еуропа мысығы, азиат мысығы, түрік және сиам тобына жататын сиам, бирман, абиссин мысықтары.

InShot_20220808_090039171

Америка ғалымдары біраз зерттеуден кейін әр үйде мысық болуы тиіс деген қорытынды жасаған.

Ал мысықтың пырылы жай ғана дыбыс емес, түрлі дертке ем.

Пырыл мынадай ауруларға шипа көрінеді:

- сынған сүйектердің бітіп кетуіне көмектеседі және сүйекті қатайта түседі.

- адамның жүйке жүйесі мен психикасын қалыпқа келтіреді,

- миды және жүрек қанайналымын жақсартып, иммунитетті көтереді,

- гастрит, асқазандағы тасты жойып, остеохандроз, тұмау, ұйқысыздық ауруларынан емдейді.

Мысық туралы қызықты 15 дерек

1. Мысық жүрегінің соғу жиілігі адамдікіне қарағанда әлдеқайда жоғары және минутына 110-нан 140-қа дейін соғады.
2. Орта есеппен алғанда, мысықтардың салмағы шамамен бес келі. Бірақ сингапур тұқымы мысықтарының салмағы екі жарым келі. Ең кішкентай қызыл дақты үнді мысықтары Шри-Ланкада мекен етеді. Олардың салмағы жарты келі болса, көлемдері 15 сантиметр.

3. Англияда мысықтарды астық қоймасын күзету үшін ұстайды. Бір мысықтың өзі бір жылда 10 тоннаға дейін астықты тышқаннан қорғауға қауқарлы екен.

4. Егер мысық қасыңызда керіліп және құйрығын сәл бұлаңдатып тұрса, бұл оның сізге деген сүйіспеншілігін білдіреді.

5. Үйдегі мысықтар бір-бірімен мияулау арқылы тілдеспейді. Бұл "тілді" олар адамдармен қарым-қатынас жасау үшін ғана пайдаланады.

IMG_20220808_090435

6. Дене температурасы - 38 градус.

7. Мысықтар сіздің көңіл-күйіңізді және оған қандай қарым-қатынаста сөйлеп тұрғаныңызды жақсы түсінеді. Бірақ ештеңе түсінбегендей кейіп танытады.

8. Сіз мысықпен қаншалықты көп сөйлессеңіз, ол сізбен соғұрлым көп сөйлеседі.

9. Олар тәулігіне 16 сағат ұйықтайды. Ал ояу уақытта өздеріне күтім жасайды.

10. Мысық өмір сүрген уақытында жүздеген марғауды туа алады.

11. Ғарышта болып келген алғашқы мысық Астрокот деп аталатын француздық мысық. 1963 жылы Франция оны ғарышқа ұшырды.

12. Ең үлкен жабайы мысық – Амур жолбарысы. Оның салмағы 320 келіге дейін, ал ұзындығы 3,6 метрден асуы мүмкін.

13. Ұрғашы мысықтар жерді оң табанымен қазса, ал еркек мысықтар – сол табанымен қазады.

14. Мысықтың миы иттің миына қарағанда адамдарға биологиялық жағынан жақынырақ. Мысықтардың эмоцияларына адамдардағы сияқты ми ауданы жауап береді.

15. Мысықтар шамамен 100 түрлі дыбыс шығарады.

Ислам дінінде мысық асыраудың артықшылығы бар ма?

Алланың үйіне кіруге рұқсат етілген жануар – жалғыз мысық екені мәлім. Бұл фактіден-ақ мысықтың исламдағы орнын біле беруге болады. Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз да мысықты ерекше жақсы көрген. Алла елшісінің Муизза есімді аппақ мысығы болғаны жөнінде дерек бар. Пайғамбарымыздың оны жақсы көргені соншалық, орнынан тұрарда шапанының етегінде ұйықтап қалған мысықты оятып алмау үшін киімін қиып тастаған. Тіпті, мысық ішкен сумен дәрет алғаны жөнінде хадис бар.

bs_kAHyCnAE (1)

Сурет: wallpaperscraft.ru

Анас ибн Маликтен біреу мысық жайында сұрағанда, ол былай деген екен: «Бірде Алла елшісімен (с.ғ.с) бірге Бухтани жеріне жолға шықтым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маған дәрет алатын су дайындауымды тапсырды. Алайда ол келгенінде дәрет суы құйылған ыдыстан бір мысық су ішіп жатты. Ардақты елші (с.ғ.с) болса, мысықтың шөлі қанғанша күтіп тұрды. Сонда мен суды жаңартайын дегенімде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : « Ей Анас, мысық деген таза жануар және ешқашан ештеңені кір қылмайды», – деп жауап берді».

Алла тағала өзі жаратқан жаратылысқа қашан да мейіріммен қарағанымыз дұрыс. Пайғамбардың (с.ғ.с) : «Егер сендердің жануарларға жасаған қиянаттарың кешірілсе, онда көп күнәдан арылатын едіңдер», деген хадисі де бар екенін естен шығармайық.

Материал ғаламтордағы

деректерден дайындалды

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале