13.02.2025, 9:15
Оқылды: 717

Бүгін Ескендір Хасанғалиевке 85 жыл

13 ақпан – ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің туған күні. Тірі болғанда қазақ музыка өнерінің майталманы 85 жасқа толар еді. Бұл туралы KAZINFORM жазды.

7bb9d369d008d3cacfc2449ce86b58b1_1280x720

Сурет: gov.kz

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған.

1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді.

Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.

Қазақтың ән өнеріне зор үлес қосқан сазгердің репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алған. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың авторы.

Марапаттары: Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері. «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл медалі», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалінің иегері, Орал педагогика иниституты мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Композитор 2021 жылы 30 сәуірде коронавирустан қайтыс болды.

Алматы музейінде Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған «Атамекен» – ел рухы» атты көрме ашылды. Онда композитордың жеке заттары мен фотосуреттері, марапаттары, сахналық костюмдері, партитуралары, музыкалық аспаптары, афишалар және отбасылық заттары тұр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале