Бірінші топ командалары арасындағы ел чемпионатының 13-турында «Тұран» командасына 3-1 есебімен жол берген Оралдың «Ақжайығы» 14-турда «Түркістанды» қабылдайды.
Ойын бүгін сағат 19:00-де «Ақжайық» стадионында өтеді.
Көшбасшыларды ұзатып алған Игорь Прохницкий жігіттері жоғары топқа қайта оралғысы келсе, осы матчта барын салуы керек.
Өйткені семейлік «Елім-ай» мен Түркістан облысының «Тұран» командалары ұпайдан шашау шығаратын түрі көрінбейді.
Арал Болпышұлы