12.09.2024, 12:15
Оқылды: 121

Бүгін – Қазақ киносының күні

1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен Алматы киностудиясы құрылған еді. Кейін 1960 жылы атауы «Қазақфильм» киностудиясы деп өзгертіліп, 1984 жылы оған қазақ кинематографиясының кемеңгер қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді, деп жазады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

49091F42-200A-4B0E-8151-BE2DB5A3E516

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков 12 қыркүйекті «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл мереке жыл сайын тойланып келеді.

Бүгінде отандық кино саласы қарқынды дамып жатыр.

Салалық заңның қабылдануы, ұлттық киноны қолдау орталығының құрылуы, Қазақстан бастамашы болған кинофестивальдердің жаңа сапалық деңгейге шығуы, қазақ фильмдерінің әлемдік кинофорумдарда мойындалуы және жоғары марапаттар алуы – мұның барлығы отандық кинематографтың үлкен әлеуетін білдіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале