26.08.2024, 11:45
Оқылды: 157

Бүгін жазушы, әдебиет сыншысы, педагог Хасен Әдібаевтың туғанына 100 жыл толды

Бүгін жазушы, әдебиет сыншысы, педагог Хасен Әдібаевтың туғанына 100 жыл толды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

6AA7DF1B-6409-47AF-97AC-54DCF89B981A

Сурет: министрліктен

Қаламгер 1959 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұстаздық етті. Оның «Уақыт және суреткер», «Талант, талғам, тағдыр», «Көкжиек» атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері, әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің шығармашылықтарын саралауға арналған.

Жазушының «Таңбалы адам», «Отырар ойраны» романы, «Әупілдек» повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген.

Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше қазақ әдебиеті оқулықтарын жазған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале