25.08.2024, 10:30
Оқылды: 9

Бұйражал топ бәйге жеңімпазы атанды 

Бортау етегін шаңға бөктерген жүйріктер бәйге көрмекке келген ағайының рухын көтерді. Құнан бәйгеден соң жарыс жолына топ бәйгенің жүйріктері шықты. Бауырын жаза шапқан 24 сәйгүлік 15 шақырымға жарасты.

IMG-20240825-WA0018Фото авторы: Мәди Салық 

Айналым басынан бірнеше шалқұйрық оза шықты. Бірақ айналым ауысқан сайын алға шыққан жүйріктерді арттағы топ қуып жетті. Лидерлер де алма кезек ауысып, мәреге дейін ауыздықпен алысқан жүйріктер жарыс көркін қыздырды. Тіпті соңғы айналым қалғанда да топ ішінен дараланып шыққан жүйрік болмады.

IMG-20240825-WA0017

Қорытындысында, 1-орынды "Бұйражал", шабандозы – Шыныбек Мырзахмет. Ат иесі – Бақыт Іңкәрбек Бапкері– Айдар Оразалиев (Жамбыл облысы);

2-орын. "Ботақара", шабандозы-Ділнұр Нұрмұқаш. Ат иесі-Адай Мирболат Елжасұлы. Бапкері-Әділет Ноқатай(БҚО, Ақжайық ауданы);

3-орын. "Нарқасқа", шабандозы-Исламнур Ертөс. Ат иесі – Оразбаев Алмаз. Бапкері- Түкенов Мақсат (Астана қаласы);

IMG-20240825-WA0016

4-орын. "Ақбөбек", шабандозы-Нұрасыл Төлекеш. Ат иесі – Оралбек Арықбаев. Бапкері-Айбек Жубанов (Маңғыстау облысы);

5-орынды "Ақтабан", шабандозы-Айсұлтан Миразат, ат иесі – Утепов Марат, бапкері- Нұрхат Тілекматұлы (Атырау облысы) иеленді.

Түгелбай Бисен, 

"Орал өңірі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале