8.02.2024, 13:00
Оқылды: 114

Бүйрекке таc түзілуіне себепші болатын шай түрі анықталды

Дұрыс тамақтанудың басты ережесі – шаманы білу. Тіпті, өте пайдалы тамақты жеп отырсаңыз да, пайдалы сусынды ішіп отырсаңыз да, бұл ереже жайлы ұмытпау керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖП шай

Көптеген адам тамақты пайдалы және зияндыға бөледі. Зиянды тамақтарды мүлдем жемеген дұрыс. Ал пайдалыға келер болсақ, көбісі оны қаншалықты көп жесе, соншалықты жақсы деп ойлайды. Алайда мұндай пайдалы тағамдардың өзінің қандай да бір кемшіліктері болуы мүмкін. Мысалы, көк шайдың зиянды тұсы да бар екенін білдіңіз бе?

Диетолог Марина Макиша "Аif"-қа көк шайда қымыздық қышқылының тұздары - оксалаттар көп екенін айтты. Бір қызығы, олар көк шайда қара шайдағыдан да көп.

Егер көк шайды қатты қою етіп демдемесеңіз, шәйнекке жапырақтарды көп салмасаңыз және оны көп ішпесеңіз, оның сізге еш зияны тимейді және бүйрегіңіз сау болады. Алайда егер көк шайды көп ішсеңіз және басқа да оксалаттарға бай өнімдерді (какао, шоколад, қымыздық, аскөк, інжір, цитрустылар, қызылша, асжапырақ, ақжелкен) жесеңіз, бүйрегіңізде тас түзілу қаупі жоғары болады.

Сау адам үшін оксалаттарды тұтыну нормасы – күніне 40-50 мг. Бүйрек жеткіліксіздігі және оксалатты бүйрек дерті бар адамдарға көк шаймен абай болу керек.

Бүйрегіңізде тас пайда болғанының белгілері:

- Зәр шығару кезінде ауырсыну;
- Кіші дәретке жиі бару;
- Зәрде қанның болуы;
- Жыныстық органдарға берілетін ауырсыну;
- Белдің қатты ауыруы;
- Белде пайда болған ауырсынудың аяққа және ішке берілуі;
- Басқа себептерсіз дене температурасының кенеттен көтерілуі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале