19.12.2023, 11:30
Оқылды: 77

Қаржы пирамидасы. «Бұл неғылған батпан құйрық?..»

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (217-бап) қаржылық (инвестициялық) пирамида құрған және оған басшылық еткен адамдар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Соның өзінде тұрғындар күмәнді  ұйым құрығына түсіп қалып, шоттарға  қаржы құйып  жатады. Облыстағы экономикалық тергеп-тексеру департаменті «қаржылық пирамида» құру дерегі бойынша бірнеше қылмыстық істі тіркеді. Кейінгі үш жылда аталған бапқа сәйкес 13 іс ашылды.

WhatsApp Image 2023-12-13 at 12.18.42 (1)

2021 жылдың қазан айында Э. С. Чукеева мен Э. Ш. Талблимова «WhatsApp» әлеуметтік мессенджерінде чат арқылы «Алтын Тұмар» және «Ұлы Болашақ» деп аталатын қаржы пирамидасын құрғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылдың тамызында Б. Әліпқалиева деген азаматша сотталды. Ол «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындардан «Халық Банк» және «Каспи банк» шоттарына қаражат аудар тып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасы аясында жиһаз ұтыс ойыны арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

Осы қаржы пирамидасына 2 мың салымшы 169 млн теңге көлемінде қаражат салған. Салымшылар, сірә, «Бұл неғылған батпан құйрық?..» деп күдіктенбей, компанияларды жүйелі тексеріп алмай, сан соғып қалған.

– Қазіргі таңда бірнеше іс тергелуде және сотта қаралып жатыр. Айта кету керек, 1 пирамиданың өзі жүздеген, мыңдаған, тіпті миллиондаған адамды тартуы мүмкін, аяғында оған сенгендердің көбі зардап шегіп жатады. Тегін ақша жерде жатпайтынын ескерсек, аяқ асты байып кету құрғақ уәде күйінде қалады.

Нақтылап айтқанда, қаржы пирамидасы ұзақ уақыт өмір сүре алмайды және барлық қатысушыға төлемдерді қамтамасыз етпейді.

Әдетте пирамиданың құрылтайшысы қомақты қаражат жинап, төлемдерді тоқтатады және барлық ақшамен жоғалып кетеді, – деді экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшы сының орынбасары Нұрбол Рахметов ӨКҚ ұйымдастырған брифингте.

Қаржы пирамидасының мынадай белгілері болады:

– мол табыс, пассивті кіріс туралы уәде бере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурс  тарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жаппай жарнама жасау, үгіт-насихат үшінмаркетингтік көптеген тәсілдер  қолдану;

– қатысушылардың аз уақыт ішінде немесе жүйелі түрде түсіп отыратын, ақылға қонымсыз, көп мөлшердегі кіріс көзін тауып беретініне уәде етеді. Мысалы, «Біздің шотқа салған ақшаңды екі есе етіп қайтарасың», «Айына 30-50 пайыз табыс түседі» деген сынды жалған уәде беру;

– алғашқы жарна ретінде мол қаражатты сұрайды (кейде аз болуы да мүмкін). Ақша салу барысында нақты өнім, тауар болмайды неме  се ұсынылып отырған тауар бағасы оның өзіндік құнынан бірнеше  есе  қымбат  болады;

– негізінен, қаржы айналымы жаңа салымшылардың есебінен толығады және адам тартуына қарай ақша төленеді;

– ұйымның қызмет бағыты түсініксіз, бірақ қаржы, инвестиция саласымен байланысты болып келеді. Көп ретте «Алтынға, қаржылық қорға ақша саламыз» деп түсіндіреді;

– төмен пайызбен несие  қарыз алуға немесе жоғары пайызбен депозит ашуға мүмкіндік береді. «Банктегі кредитіңіздің 30-40 пайы  зын ұйымға құйсаңыз, қалған бөлігін жауып береміз» деген секілді ұсыныстар да  айтылады;

– ұйым атауында, символикасы мен жарнамасына  рықтағы танымал банктер, микроқаржы ұйымдары және ломбардтардікімен  ұқсас болады;

– ұйым сайты кәсіби емес, жарнамалық мақсаттағы ар  занқол деңгейде болады. Сайтта жарғылық құжаттар, басшылық туралы ақпарат толық берілмейді.

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҚР Қаржылық мони  торинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық бөлімшесіболып есептелінеді. Аталған департамент бөлімінің басшысы Анастасия Болграбская елде 2022 жылы агенттік таратқан пирамидалардың саны 7-ден 29-ға дейін артқанын айтты. Қазақ  стандағы қаржы пирамидаларынан, көбіне, 31 мен 60 жас аралығындағы адамдар зардап шегеді. Әлеуметтік талдауға сүйенсек, олардың 74 пайызы жұмыс істейді, 62 пайызы – жоғары білімді. Сөйте тұра «ауадан ақша жасай алатындарына»  сеніп  келген.

– Уақтылы шаралар қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігі Telegram мессенджерінде қазақстандықтарға азаматтарды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардан сақтануға көмектесетін @BAIQApi  ramidaBOT ботын дайындады. Енді азаматтар веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде қаржылық пирамидалардың белгілерін өз бетінше тексере алады. Оған қоса агенттік Telegram мессенлжерінде «AFM Insider» ресми ботын іске қосты. Бұл құрал арқылы қазақстан  дықтар бір рет басу арқылы экономикалық құқықбұзу  шылық туралы хабарлай алады. Егер сіз қылмыскер  лердің құрбаны болсаңыз немесе бір ұйымның қызметінен «қаржы пирамидасының» белгілерін байқасаңыз, +7(7112)53-84-27 сенім телефоны арқылы экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласыңыз, – деді Анастасия Болграбская.

Брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Орал қаласы бойынша өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Айман Айдарова онлайн-алаяқтық өршіп тұрғанын ескер  тіп, сондықтан тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға көңіл бөлініп жат қанын хабарлады.

Нұрлан Ғаппар

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале