Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы
2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, - деп жазады Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.
Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.