28.02.2025, 12:30
Оқылды: 166

Бұрымды шаңғышылар гимназиада чемпионы

Жуырда Ақсай қаласындағы шаңғы базасында ХІІІ қысқы Қазақстан оқушылары Гимназиадасының шаңғы жарысы бәсекесі өтті. Спортты жанына серік еткен оқушылардың үздіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа еліміздің барлық өңірлерінің командалары қатысты.

арр

Өңір намысын Ислам Сағынәлиев баптайтын шаңғышылар қорғады. Талай жылдан бері бөрлілік өрендерді шаңғы  спортына баулып жүрген жас бапкердің оқушылары намысты қолдан бермеді.

Жарыстың алғашқы күні 2007-2008 және 2009-2010 жылғы ұл қыздар жекелей сында кім мықтыны анықтады. Қорытындысында 2007-2008 жылғы ұлдар арасында Алдияр Исаев екінші, Зиннат Мамедов үшінші орын иеленсе, осы жастағы қыздар жарысында Анастасия Соколова гимназиада жеңімпазы атанды. Ал Айя Мамишова үшінші орыннан көрінді. Ақсайдың ғана емес, барша өңірдің үздік жас шаңғышысы атанған Жанерке Тудахунова 2009-2010 жылдары туған қыздар бәсекесінің жеңімпазы болды. Одан соң жас шаңғышылар спринт бәсекесіне шықты. Мұнда Алдияр Исаев екінші, Анастасия Соколова бірінші, Мұқатова Лейла үшінші болса, Жанерке Тудахунова әдеттегідей гимназиада чемпионы атанды.

дұрысы

Жарыс барысында класикалық әдіспен жүгірушілер де жекелей сында кім мықты болатынын анықтады. Қорытындысында Алдияр Исаев екінші болса, Анастасия Соколова мен Жанерке Тудахунова әдеттегідей бірінші орыннан көрінді.

Гимназиада командалық эстафетамен қорытындыланды. Бұл сында Жанерке Тудахунова, Лейла Мұқатова, Анастасия Соколова, Айя Мамишова төрттігі алдына жан салмай гимназиада чемпионы атанды. Осылайша шаңғышы қыздар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Одан кейінгі орынға Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысының шаңғышы қыздары жайғасты. Ал ұлдар жалпыкомандалық есепте бесінші орын иеленді.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале