БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей президенті Владимир Путиннен ресейлік әскердің Украинаға шабуылын тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украина төңірегіндегі жағдайды шұғыл талқылау үшін бір аптада екінші рет жиналды. Сессиядан үзінділер ұйымның Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.
"Мен бір нәрсені шын жүрегіммен сұраймын: президент Путин, әскерлеріңіздің Украинаға шабуыл жасауын тоқтатыңыз, бейбітшілікке мүмкіндік беріңіз", - деді Гутерриш.
Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін, Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялаудың жоқтығын айтқан болатын.