11.01.2023, 12:15
Оқылды: 51

Былтыр елімізде 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Өткен жылы Қазақстанда 15,4 млн шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230111-WA0005

Министрдің баяндауынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы құрылыс көлемінің индексі 109,4% құрады. Құрылыс салуда Маңғыстау (78,7%) және Қарағанды (94,4%) облысын қоспағанда, 18 өңірде оң динамика байқалады.

«Өткен жылдың жоспары бойынша 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс еді. Жоспар артығымен орындалып 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй иесін тапты. Осылайша республика бойынша барлығы 130 686 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 38 247 жеке үй. Өткен жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда Маңғыстау (84,9%), Атырау (92,2%), Ұлытау (70,4%), СҚО (86,9%) және Алматы (65,4%) мен Астана (75,3%) қаласын қоспағанда, 14 өңірде өсу көрсеткіші байқалады», - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өткен жылы 2 трлн теңгеге 160-қа жуық инвестициялық жобаның іске қосылғаны туралы айтқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале