Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды.
Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 169 миллиард теңге бағытталған.
Орташа есеппен алғанда бір әйелге 433 мың теңгеден келеді. Бұдан бөлек, ЭКҰ-ның 7 мың ем-шарасын жүзеге асыруға 8,1 миллиард теңге бөлінді.
«2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен байланысты 12,2 миллион қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер. Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 31,2 млрд теңге қарастырылды. Олардың төрттен бір бөлігі іштегі сәбидің ауруларын ерте диагностикалау үшін пренатальды скринингтік қызметтерге бағытталды», – дейді қор өкілдері.
Фертильді жастағы 35,4 мың әйелге анемияны емдеуге арналған препараттар берілді. Осыған 57 миллион теңге жұмсалды.
Айта кетерлігі, МӘМС бойынша іштегі сәбидің туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 87 миллион теңге қарастырылған.
100,4 млрд теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі стационарларда 636 мың әйелді емдеуге жұмсалды. Перинаталдық кезең аурулары бар 79 мың жаңа туған нәрестеге ем қажет болды. Ол үшін 37,4 миллиард теңге МӘМС жүйесі есебінен бөлінді.
Жүкті әйелдерге қандай медициналық көмек қажет екендігі туралы ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартынан оқуға болады. Жүкті әйелдердің патронажы туралы педиатриялық қызметті ұйымдастыру стандартынан біле аласыздар.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ