10.05.2024, 15:15
Оқылды: 69

«Чайкалар» спектакль-перформансының премьерасы ұсынылды

«Атамекен» өнер ордасында «Атамекен» Жастар музыкалық театры америкалық жазушы Ричард Бахтың аты аңызға айналған «Джонатан Ливингстон атты шағала» шығармасының желісі бойынша құрылған «Чайкалар» спектакль-перформансының премьерасын көрермен назарына ұсынды.

чайкалар (1)

 «Чайкалар» – бұл жаңа бағыттағы спектакль-перформанс. Қойылым идеясы мен сюжеті бүгінгі таңда өзекті. Жалпы спектакльдегі «чайкалар»  кейіпкерлері – көңілі күпті, жаны жаралы жандарды сомдайды. Олар – бір-біріне сенбейтін, бір-біріне кім екендерін дәлелдегісі келетін, бір-бірінің істерін мойындамайтын, «Ел не дейді?», «Жұрт не айтады?» немесе «Басқалар мен туралы жақсы ойласа екен», - деп өмір сүріп жүрген өзімшіл мақұлықтар. Режиссер 1 сағат 15 минутқа жоспарланған перформанс арқылы өз жүрегін тыңдамайтын, жан дауыстарын естімейтін, табиғи болмысынан алыстаған қоғамдағы «шағала» типтес адамдарды бейнелеуді мақсат еткен. Оларды театр сахнасынан адамгершілікке шақырады.

чайкалар (2)

Аталмыш қойылымның қоюшы режиссер әрі инсценировкасын жасаған «Асанәлі» сыйлығының иегері, Грузия мемлекетінде өткен Н.Думбадзе атындағы Халықаралық театрлар фестивалінің «Үздік режиссері» – Гауһар Адай. Ал киім, грим және қоюшы суретші, ҚР Мәдениет саласының үздігі – Гүлдана Алина. Музыкасын оркестрге өңдеген әрі дирижері – Асхат Хасанов болса, жарық қоюшы – Қайрат Хасанов.

чайкалар (3)

Перформанс – көпшілік алдында өнер мен өнерден тыс нәрседен синтездеу арқылы жасалатын туынды. Перформанстың басты белгілері – эпатаж, қабылданған қалыптан өзгеше дүние.

чайкалар (4)

Қойылым соңында оралдық ордалы жұрт жылы қабылдаған ойлы қойылымды сахналаған «Атамекен» Жастар музыкалық театры көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Алтынбек Ермекқалиев,

«Атамекен» ақпарат

чайкалар (5) чайкалар (6) чайкалар (7) чайкалар (8)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале