22.09.2021, 17:13
Оқылды: 37

Чехия президенті ауруханадан шығарылды

Чехия президенті Милош Земан бір апта емделіп, ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

чч

Президент өкілі Милош Земан Прагадағы Орталық әскери университет госпиталінен шығып, медициналық тексеруден өткенін айтты. Ол президенттің жағдайы мен емделуіне қатысты сұрақтарға жауап бермеді.

Сонымен қатар, ол Земанның алдағы күндерге арналған жұмыс бағдарламасы туралы айтты. Чехия басшысы премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрімен кездеседі, сондай-ақ Бостандық және тікелей демократия қозғалысының жетекшісі Томио Окамурамен келіссөздер жүргізеді.

76 жастағы Земан ауруханаға 14 қыркүйекте түскен. Кейін саясаткер шамалы шаршау және ағзадағы су мөлшерінің төмендеуіне байланысты ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Милош Земан - чех мемлекеттік және саяси қайраткері, 2013 жылдың 8 наурызынан бастап Чехияның қазіргі президенті. 1993 жылдан 2001 жылға дейін чех социал-демократиялық партиясын басқарған.

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале