14.09.2021, 17:31
Оқылды: 42

Чехия президенті ауруханаға жатқызылды

Чехия президенті Милош Земан бүгін, сейсенбіде Праганың Орталық әскери ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pravo газетіне сілтеме жасап.

ч

Земан ауруханаға жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден кейін жеткізілді. Оған жұбайы Ивана да келді. Газеттің хабарлауынша, президент ауруханада ұзақ жатуы мүмкін. 76 жастағы Земан аяқтың нейропатиясынан зардап шегеді. Осы аурудың салдарынан ол жақында мүгедектер арбасына көшті. Президент есту қабілетінің нашарлағанына және қан қысымының төмендегеніне шағымдануда. Сонымен қатар, ол бұрын қант диабеті бойынша дәрігерлердің бақылауында болған. Прагадағы Орталық әскери ауруханада өткен демалыс күндерінен бастап Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаус та жатыр. Ол қан қысымының күрт көтерілуіне байланысты ауруханаға түскен.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале