19.05.2021, 17:38
Оқылды: 39

"Цифрлық құжаттарыңыз" – «еGovmobile» қосымшасында

Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметіне жүгінбестен бұрын "еGov mobile" қосымшасына тіркелуге кеңес береміз. Өйткені қазіргі уақытта осы қосымшада мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі қолжетімді.

WhatsApp Image 2021-05-19 at 14.56.37

ХҚО-ға кезекті электрондық түрде алдын ала брондаудан бастап мемлекеттік қызметтер алып қана қоймай, тіпті жеке куәлік, балаларыңыздың туу туралы куәлігі сияқты құжаттарыңыздың цифрлық түрін алуға болады. Бұл пойызға, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша ұшаққа отырарда, нотариус кеңселерінде, ХҚО-ның кеңес беру секторларында цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін жасалған.

"Цифрлық құжаттар" сервисінде оннан астам құжаттың цифрлық көшірмесін алуға болады. Олардың ішінде жеке куәлік, неке қию туралы куәлік; баланың туу туралы куәлігі; неке қию туралы  куәлік; электрондық техникалық паспорт; жүргізуші куәлігі; COVID-19 ПТР тестілеу нәтижесі; диплом, студенттік билет және тағы да басқалары бар.

Cондай-ақ, қазіргі уақытта маңызды саналатын вакцинациялау паспорты да осы "еGov mobile" қосымшасында.

«Азаматтардың мобильді дерекқорында» тіркеуде болсаңыз, денсаулық сақтау мекемесі тарапынан тиісті ақпарат енгізілген бойда "еGov mobile" қосымшасының «Денсаулық паспорты» сервисінен екпе алғандығыңызды растайтын ақпаратты көруіңізге болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале