11.08.2026, 23:00
Оқылды: 52

Цифрлық реформа: eGov 3.0 порталы қызмет алу қадамдарын екі есе азайтты

ҚР Үкіметінің хабарлауынша, жаңа eGov 3.0 порталы іске қосылып, барлық пайдаланушылар үшін тұрақты жұмыс істеп тұр.

ЖП егов

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Жаңа формат аясында мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті қадамдар саны екі есеге қысқарып, қазірдің өзінде 20 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Жыл соңына дейін порталға тағы кемінде 150 қызмет қосылып, олар бір мезетте eGov GPT жүйесіне енгізілетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале