13.02.2024, 10:30
Оқылды: 49

Cинтетикалық есірткі жасырған үш тұрғын ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткіні жасырған үш тұлғаны ұстады.

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

0df03f98-6561-4f66-8c7c-6279899a974b

Фото видеодан кадр

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Тосқауыл» жедел – профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткіні жасырған кепілгерлерді ұстады.

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша бөлініс қызметкерлері Оралда 1993 жылғы қала тұрғынын қолға түсірді. Оны тексеру кезінде 21 ZIP-пакет табылып, тәркіленген.

Сондай-ақ Орал қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 37 жастағы қала тұрғынын ұстап, оны тексеру кезінде ұнтақ зат салынған 46 ZIP-пакетті тапты. Ал есірткі затын салу орны мен тұратын жерінен 7 ZIP-пакет табылған.

Бөрлі ауданы Ақсай қаласында да полиция қызметкерлері есірткі жасырған тағы бір тұлғаны ұстады. Одан ұнтақ тектес зат салынған 18 ZIP-пакет тәркіленсе, ал жасыру орнынан 6 ZIP-пакет табылды. Барлық тәркіленген зат пировалерон, мефедрон және пировалерон синтетикалық есірткіге ұқсас заты екені анықталды.

Аталған синтетикалық заттарды сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесіде БҚО полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмысының заңсыз айналымы бойынша 13 қылмыс анықтап, 75 грамм есірткі тәркіледі.

Оның ішінде 65,78 грамм синтетикалық есірткі және 9,22 грамм марихуанна.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале