15.09.2021, 11:15
Оқылды: 41

Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

ц

"Биыл бірінші болып тұмауға қарсы екпе салдырғандардың бірі  - денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Бүгін елімізде республикалық вакцинация науқаны басталды, осы орайда ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№6 қалалық емханасы" ШЖҚ МКК барып, ресейлік "Гриппол+" вакцинасын салдырды", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін. Соған байланысты елде тұмауға қарсы екпе екі апта бұрын басталған.

"Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда  ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан аса науқас зертханада анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан  өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым", - деді Цой.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале