Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
БҰҰ Бас хатшысы әлем елдерін «бірдей тәсілді» қолдануға шақырды. Себебі онсыз өлім-жітім санын тұрақты түрде қысқартуға қол жеткізу мүмкін емес деп отыр.
Вакцинациялаудың бірдей деңгейде болмауы COVID-19-дың жаңа штамдарының пайда болып, көбеюіне алып келеді. Бұл өз кезегінде өлім-жітім мен экономикалық құлдыраудың өршуін тудырады. Жүйеленген нақты тәсілсіз бір елдегі ауру-сырқау санының төмендеуі ұзақ уақыт бойы тұрақты болады деп айта алмаймын, - деп жазды Гутерриш әлеуметтік желідегі парақшасында.Сондай-ақ БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш адамзат коронавирус пандемиясының сынағынан жеңіліп жатыр деген жанайқайын жеткізген еді.
Гутерриштің пікірінше, дүние жүзі адамзаттың бірігіп әрекет етуден бас тартуы салдарынан індеттің алдын ала алмаған.
BAQ.KZ.