18.10.2021, 11:08
Оқылды: 96

COVID-19: БҰҰ басшысы жаңа штамдардың пайда болу себебін атады

Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Антониу Гутерриш коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуы мен әлем елдерінің экономикалық құлдырауының жалғасуына вакцинаның дұрыс таратылмауы себеп болып отырғанын айтты.

71ad6c3c8ec3f05e636baa66e12ee946

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

БҰҰ Бас хатшысы әлем елдерін «бірдей тәсілді» қолдануға шақырды. Себебі онсыз өлім-жітім санын тұрақты түрде қысқартуға қол жеткізу мүмкін емес деп отыр.

Вакцинациялаудың бірдей деңгейде болмауы COVID-19-дың жаңа штамдарының пайда болып, көбеюіне алып келеді. Бұл өз кезегінде өлім-жітім мен экономикалық құлдыраудың өршуін тудырады. Жүйеленген нақты тәсілсіз бір елдегі ауру-сырқау санының төмендеуі ұзақ уақыт бойы тұрақты болады деп айта алмаймын, - деп жазды Гутерриш әлеуметтік желідегі парақшасында.Сондай-ақ БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш адамзат коронавирус пандемиясының сынағынан жеңіліп жатыр деген жанайқайын жеткізген еді.

Гутерриштің пікірінше, дүние жүзі адамзаттың бірігіп әрекет етуден бас тартуы салдарынан індеттің алдын ала алмаған.

BAQ.KZ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале