1.07.2022, 16:45
Оқылды: 242

Дала өртінен зардап шеккен екі волонтер тікұшақпен қалаға жеткізілді

Тасқала ауданы, Достық ауылы маңында дала өрті тұтанды деген хабар төтеншеліктерге жетісімен атқа қонды. Өрт сөндіруге 4 бірлік техника, 1 тікұшақ, 1 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Дала өртін сөндіру кезінде екі волонтер өрттен зардап шекті. Оларды дереу тікұшақпен облыстық ауруханаға алып кетті.

79E0B033-0042-4720-B34B-42446954937C

Бұл – БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен Саратов облысық төтенше жағдайлар департаменті арасындағы оқу - жаттығу жұмыстарынан көріністер. Трансшекаралық аумақтардағы өрт қауіпсіздігі екі ел үшін де аса маңызды. Сондықтан да бүгін Саратов облысы мен БҚО ТЖД мамандары бірлесіп, оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Оқу-жаттығу жұмысына БҚО әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев қатысты.

320F18B5-C4C4-4214-8FAB-3269C7D9F04C

Оқу-жаттығу жұмыстары жылда өтеді. Мақсаты - шекара маңындағы өрттің алдын алу, екі ел өрт сөндірушілерін ширақ қимылға бейімдеу, қауіп төнген кезде жасалуы керек амалдарды пысықтау. Оқу-жаттығу жұмыстарына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Утегенов жетекшілік етті.

0CFB532D-1AA1-4A5B-82FB-C0BE41FA523D

– Бүгінгі шараға барлық мамандар жұмылдырылған. Өрт сөндіру техникаларының дайындығы, қауіпсіздік сарбаздарының алғырлығы бәрі сынға түсті. Саратов облысынан келген қонақтар жергілікті өрт сөндірушілердің ширақ қимылына риза болды. Оқу-жаттығу жұмыстары төтеншеліктердің дайындығын тексеру үшін аса қажет, - деген департамент бастығы Е.Утегенов облыстағы ахуал туралы баяндады.

7580C272-40D7-4525-9359-3DD7669FFD63

«Әзірге дала өрті тіркелген жоқ, бұрынғы жылдары шекарааралық өрт оқиғалары болып тұрды. Ондай кезде командалық штабқа, яғни Саратов облысына дереу хабар береміз және төтенше жағдайлар министрлігіндегі дағдарыс басқару орталығына хабар беріледі. Біздің төтеншеліктер шекараны кеспей, өз аумағымыздағы өртті сөндіріп жүрді. Батыс Қазақстан өңірі Ресейдің бес облысымен шектеседі. Біз сол облыстардың бәрімен осындай оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп келеміз, - деді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Утегенов.

шик

Оқу-жаттығуы кезінде Тасқала ауданы, Достық ауылы маңында басталған дала өртін сөндіру жұмыстары жүргізілді. Екі елдің төтеншеліктері өртті сөндіру үшін жанталаса жұмыс істеді. Жоспарға сәйкес екі ерікті зардап шегіп, оларды тікұшақпен облыстық ауруханаға алып кетті. Мұндай жоспарлы іс-әрекеттер төтеншеліктерді оқыс оқиғалар кезінде адам өмірін шұғыл құтқаруға дайындайды.

44F18928-3D57-4BB1-8696-C2D2E313DC0B

Саратов облысынан келген төтеншеліктер мұндай оқу-жаттығу жұмыстарының берері көп дейді.

«Бүгінгі оқу-жаттығу жұмыстарына қарап отырып, біз өзімізге керек жағдайларды ескере түстік. Жақсы жақтары да, кемшін тұстары да байқалды. Біз сол кемшін тұстарды реттеу үшін әлі де жұмыстанатын боламыз. Кемшін тұсы сол - байланыстың нашарлығы. Екі ел арасындағы байланысты реттеу керек. Оқу-жаттығу жұмысы ойдағыдай өтті. Биыл Саратов облысымен шекара бойында екі дала өрті тіркелді», - дейді Саратов облысы №14 өрт сөндіру отрядының бастығы Николай Цепцура.

шик1

Оқу-жаттығу соңында екі елдің төтеншеліктері күш сынасып, спорттық ойындарға қатысты. Олардың ішінде гір тасын көтеру, арқан тартыс секілді нағыз білектегі күшті талап ететін ойындар таңдап алынған.

303ADF76-9631-40B9-A344-AE196C164A8E

Сөз соңында айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша 200-ден астам өрт тіркелген. Дала өрті әзірге жоқ. Облыс бойынша 28 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді.

zhaikpress.kz

Суреттердің авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале